Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Самара-Шымкент тас жолы ақылы болады

Самара-Шымкент тас жолы ақылы болады

Kyzylorda-news.kz. 15 қарашадан бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолы ақылы негіздегі жүйеге қосылады. Ақылы жолдар тарифі жеңіл көліктерге 1 шақырымға 1 теңге, жүк көліктері мен автобустарға техникалық көлемдеріне байланысты 5 теңге мен 25 теңге аралығында болады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Әбсұлтанов хабарлады.

Облыс аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3 397 шақырымды құрайды. Оның – 1016 км республикалық, 557 км – облыстық, 1824 км – аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Қайрат Байғабылұлының айтуынша, биыл өңір аумағынан өтетін республикалық маңызы бар ұзындығы 812 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары ақылы жүйеге ауыспақ. Онда автомобильаралық бақылау аркалары орнатылып, жүйені пайдаланушыларға қызмет көрсететін орталықтар ашылды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджет есебінен ұзындығы 216 км облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өткізілуде.

Ақылы жүйеге енгізілген автомобиль жолдарында «ашық» жүйесі қолданылмақ. Сондай-ақ, көліктердің өтуі арнайы бейнекамералар және арнайы жабдықтардың көмегімен бақылау аркаларына бекітілген.

«Ақылы жолдар жобасы 2019 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қабылданды. Аталған бағдарлама шеңберінде еліміздегі 11 мың шақырымды құрайтын автожол ақылы жүйеге ауысады. Қазіргі таңда жеті жаңа ақылы учаскені пайдалануға енгізу туралы бұйрыққа қол қойылды. Бұйрыққа сәйкес, І-ші техникалық санаттағы учаскелердегі ақылы жүйе 15 қарашадан бастап енгізіледі. Ақылы жүйе іске қосылатын автожолдар: Шымкент-Қызылорда, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Шымкент-Өзбекстан шекарасы, Щучинск-Көкшетау, Қапшағай-Талдықорған, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар бағыттары», – деді «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Шанжархан Мырзабай.
08 қараша 2021 ж. 139 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области