Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жол жөндеуге 20 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді

Қызылордада жол жөндеуге 20 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді

Kyzylorda-news.kz. Жалпы ұзындығы 498 шақырымды құрайтын автомобиль жолы төрт мемлекеттік бағдарлама аясында жөнделуде. Республикалық, облыстық бюджеттен 20 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ұзындығы 136 шақырым құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолы жөнделуде. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы С.Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейін 4,6 шақырым жол салынуда. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша 72 шақырым құрайтын 66 көше асфальтталады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 263 жоба жүзеге асырылуда. 255 шақырым автомобиль жолы мен көше және көпірлер жөнделуде. 2639 адам жұмыспен қамтылған», – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 30,4 шақырым елді мекен көшелері мен көпір өткелдері жаңартылуда. Осы жұмыстар аяқталған соң облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 69 пайызы жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізіледі.
22 қыркүйек 2020 ж. 155 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области