Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Құтқарушылар биыл қаза тапқан 6 адамның денесін судан шығарды

Қызылорда: Құтқарушылар биыл қаза тапқан 6 адамның денесін судан шығарды

Kyzylorda-news.kz. Биыл жедел жасақ бөлімінің құтқарушылары 9 рет жол көлік оқиғасы мен бір авариялық-құтқару оқиғаларына қатысты. Атқарылған жұмыстар барысында 10 адам құтқарылып, қаза тапқан 6 адамның денесі судан шығарылды. Сондай-ақ құтқарушылар жолда қар құрсауында қалған 8 автокөлікті қауіпсіз жерге шығарды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиев БАҚ өкілдеріне авариялық апаттардың алдын алудағы шараларды тізбектеді.

«Жыл сайын су тасқынының алдын алу мақсатында арнайы құрылған жұмыс топтарымен қорғаныс бөгеттеріне зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қауіпті деген учаскелері анықталады. Соған сәйкес, аса қауіпті деген учаскелерді қалпына келтіру, нығайту жұмыстары күшейтіледі. Осы жылы су тасқынының алдын алу мақсатында облыс бюджетінен жалпы ұзындығы 3,6 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттерінің 5 учаскесінде жөндеу-қалпына келтіру, арнаны тазалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы, облыс бойынша су тасқынына қарсы жұмыстарға пайдаланылатын инертті материалдар қоры жасақталған. Қажет болған жағдайда халықты көшіруге арналған эвакуациялық жинақтау және қабылдау пунктері әзір», – деді Бағдат Исламбекұлы.

Күн суытуына байланысты әртүрлі деңгейдегі жол-көлік оқиғаларының көбейетіні белгілі. Осыған сәйкес, құтқарушылар түрлі апаттық жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті жұмыстар атқарып келеді.

«13 қаңтар күні «Қызылорда-Құмкөл» тасжолының бойында 2 жеңіл автокөліктің соқтығысып, ішінде адам қысылып қалғаны жөнінде шақыру түсті. Шақыру бойынша жасақ құтқарушылары шықты. Құтқарушылар арнайы гидравликалық құрал-жабдықтардың көмегімен автокөлік жүргізушісінің денесін көлік ішінен шығарды. Сондай-ақ, 21 қаңтар күні қаладағы Жаппасбай батыр көшесі бойында жеңіл автокөлік жол бойындағы жарық бағанасына соқтығысып, ішінде адам қысылып қалғаны жөнінде шақыру түсті. Оқиға орнына жетіп жағдайды анықтағанда, көлік ішінде қысылып қалған жүргізушіні жолаушылар сыртқа шығарып, оны жедел жәрдем қызметкерлері алып кеткені белгілі болды. Міне, осы сынды оқиғаларды болдырмау және адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел жасақ қызметкерлері арнайы шаралар жүргізуде», – деді Бақыт Сағынбекұлы.

«Елімізде 40 трассалық медициналық құтқару пунктері ашылды. Облыс бойынша 3 трассалық пункт ашылып, зардап шеккендерге медициналық көмектер дер кезінде көрсетуде. Бұл аталған медициналық мекемелер авариялық апаттар және жол көлік оқиғалары кезінде алғашқы болып көмек көрсетеді», – деді апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігері Нұрбол Сауытбаев.
10 қараша 2021 ж. 87 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области