Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2022 жылдың қаңтарынан жаппай ревакцинация жүргізіледі

2022 жылдың қаңтарынан жаппай ревакцинация жүргізіледі

Kyzylorda-news.kz. 2022 жылдың қаңтарынан жаппай ревакцинация жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«60 жастан асқан адамдар, сонымен қатар КВИ-ге қарсы антиденеге арналған тестінің теріс нәтижесі бар және зерттеуден өз бетінше өткен тұлғалар белгіленген мерзімсіз-ақ ревакцинацияға жіберіледі. Алғашқы жаппай вакцинация сәуір айында басталғанын ескерсек, бірінші вакцинацияны аяқтаған, вакцинацияның толық курсын аяқтағаннан соң 6-9 айдан кейін республиканың барлық азаматы 2022 жылдың қаңтарынан бастап ревакцинация алады», – деді Алексей Цой.

Осыған орай министр екінші кезеңде бірінші вакцинацияны аяқтаған және ревакцинация уақыты келген барлық қалған адамдар ревакцинациядан өтетіндігін айтты.

«Осыған байланысты өңірлерден осы жылдың 22 қарашасынан тәуекел тобына кіретін тұлғаларды, одан кейін 2022 жылдан бастап қалған топтарды ревакцинациялауды ұйымдастыруды өтінемін», – деді ол.
10 қараша 2021 ж. 86 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области