Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада электр энергиясына шектеу тоқтатылды

Қызылордада электр энергиясына шектеу тоқтатылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында электрмен қамту жүйесінде арнаулы шектеулер қойылған болатын. Енді ертеңнен бастап шектеулер алынып тасталады. Облыс тұтынушылары электр энергиясымен толық қамтылады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.

«Айта кету керек, 3 қарашадан бастап облыс бойынша тәулігіне орташа есеппен 30-50 мегават аралығында электр энергиясының жетіспеушілігі (дефицит) орын алды. Соның салдарынан күнделікті кешкі сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін тұтынушыларға электр энергиясы шектеліп беріліп келді. Атап айтқанда, электр энергияның жетіспеушілігінен 6 аудандағы 58 ауылдық елді мекеннің 15 мыңға жуық абоненттеріне шектеулер қойылды. Осы мақсатта, Энергетика министрлігі мәжіліс өткізіп, Жамбыл ГРЭС-тің 3 және 4 блогын іске қосуға шешім қабылдады», – деді басқарма басшысы.

Нәтижесінде, ертеңнен бастап жалпы оңтүстік өңір оның ішінде Қызылорда облысы электр энергиясымен толықтай қамтамасыз етілмек.
10 қараша 2021 ж. 99 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области