Қызылордада 139 503 тұтынушы электр энергиясынан ажыратылды

Энергожүйесінде орын алған ажыратулардан Қызылордажылуэлектрорталығындағы бу қазандығының қорғаныс жүйелері іске қосылып артық бу ауаға шығарылды. Қызылордажылуэлектрорталығында қондырғылар істен шыққан жоқ.
Салдарынан Қызылорда қаласы және Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Тереңөзек аудандарындағы 139 503 тұтынушылары электр энергиясынан ажыратылды. Сонымен бірге Қызылорда ЖЭО-ның жылу беру қызметі тоқтап, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 33700 абонент жылусыз қалды.
Сағат 21.58-де аудандар мен Қызылорда қаласы тұтынушыларына электр энергиясы кезең-кезеңімен беріле бастады. 17 наурыз сағ: 02.21-де аймақ электр энергиясымен толық қамтамасыз етіліп жұмыс штаттық режимге көшті.
Кеше сағат 22.57-де Қызылорда ЖЭО-на қарасты барлық қазандықтар іске қосылды. Ал 17 наурыз сағат 02.40-та жылу желілерінің гидравликалық және температуралық режимі толықтай қалпына келтірілді.