«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының облыстық кезеңі аяқталды
Kyzylorda-news.kz. «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.
Облыс әкімдігі мен облыстық білім басқармасы, «Nur Otan» партиясы және «Qazaq Epos» қорының ұйымдастыруымен өткен байқауға 713 оқушы қатысып, өзара бақ сынасты. Байқау 6-10 сынып оқушылары арасында «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өтті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова ауқымды шараның қорытындысын хабарлады.
«Бүгін облыс көлеміндегі «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауда 713 оқушының арасынан іріктеліп шыққан 24 оқушы облыстық кезеңде жарысқа түсті. Нәтижесінде 1- орынды қазалылық Гаухар Әзен, 2-орынды Гүлназ Жеңісбек, ал, 3-орын Арал ауданынан келген Қарақат Бекрікқызы иеленді. Айта кетейін, І-орын иегеріне 750 000 теңге, ІІ орын иегеріне 350 00 теңге, ІІІ орын үшін 200 000 теңге қаржылай сый берілді», – деді басқарма басшысы Ақзира Қасымова.