Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты

Kyzylorda-news.kz. Түркияның Стамбұл қаласында 4-7 қараша аралығында каратэ-додан әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтсақ, Алишершарип Қонысбек 60 кг салмақта, Дамир Камал 67кг салмақта, Бақдаулет Кубаш 76 кг салмақта, Асемгүл Ердәулет 50 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарынан оза шауып, Әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Спортшыларды тартысты додаға дайындауда, олардың жүлделі орыннан көрінуіне жаттықтырушы Н.Тойшыбаевтың еңбегі зор.

Бүгінде университетте Әлем чемпионатының 9 жеңімпазы мен жүлдегері, 27 Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері және 120 Қазақстан чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері бар. Спортшыларымыз Қазақстан Республикасының намысын қорғап, ұлттық құрама команда сапасында жаттығады.

12 қараша 2021 ж. 115 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области