Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионатында жүлделі орындар алды

Қызылордалық полицейлер ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионатында жүлделі орындар алды

Kyzylorda-news.kz.  Қарағанды қаласында жасөспірімдер мен ересектер арасында ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионаты өтті.

Жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен 1000 – нан аса спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының құрама командасы 9 түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Айта кетерлігі, құрама командадағы спортшылардың көпшілігі еліміздің күштік құрылымдарынан жасақталған. Оның ішінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторлары полиция лейтенанттары Асқар Қоңқабаев пен Алтынбек Турмаханов 86 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Тартысты додада полиция лейтенанты А.Қоңқабаев алтыннан алқа тағып, әлем чемпионы атанды. Ал полиция лейтенанты А.Турмаханов аталған салмақ дәрежесінің күміс жүлдегері атанды.

Әлемдік доданың нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-ші орынды иеленді.
01 қазан 2021 ж. 77 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области