Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер Талдықорғандағы чемпионатта топ жарды

Қызылордалық полицейлер Талдықорғандағы чемпионатта топ жарды

Kyzylorda-news.kz. Талдықорған қаласында самбо күресінен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатқа Қызылорда облысы Полиция департаменті құрамасы атынан Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы, полиция аға лейтенанты Ержан Абдуллаев және оқу жаттығу взводының аға инспекторы полиция майоры Жасұлан Досымов қатысып, бақтарын сынады.
90 килограмм салмақ категориясы бойынша Ержан Абдуллаев 1 орынды иеленіп алтын медальға қол жеткізсе, 100 килограмм салмақта Досымов Жасұлан 3 орынды жеңіп алды.
Айта кетерлік жайт, Дзюдо және самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері полиция аға лейтенанты Ержан Абдуллаев 2015 жылы жекпе-жек сайысынан ҚР ІІМ чемпионатында 2-орын иеленсе, 2017 жылы Америка құрама штаттарында өткен Бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер арасында өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғап, дзюдо күресінен 3-орын, греплинг күресінен 2-орынды жеңіп алды.
Сол сияқты, 2018 жылы самбодан өткен ел чемпионатында топ жарса, осы жылы Алматы қаласында дзюдодан өткізілген «Конфедерация кубогінде» командалық 3-орынға қол жеткізген.
23 қыркүйек 2019 ж. 348 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области