Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫР САҚШЫЛАРЫ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН АТАП ӨТТІ

СЫР САҚШЫЛАРЫ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН АТАП ӨТТІ

   Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері Наурыз мейрамын атап өтті. Шараға ардагерлермен қатар қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері де қатысты.
   Мерекелік шара ішкі істер органдары ардагерлерінің ақ батасынан басталды. Аға буын өкілдері мұсылман халқының жаңа жылында барша халыққа жақсылық, молшылық, мол табыстар тілей отырып, қыстан аман шыққандарына шүкірлік етіп, көптен көрмеген әріптестерімен, замандастарымен қауышып, иық түйістірді.
   Одан кейін шара спорттық сайыстарға ұласты. Департаменттің қызмет салалары мен Қалалық ішкі істер басқармасы бөлімдерінің қызметкерлері бір-бірімен топтасып, 13 құрама команда жасақтады. Арқан тартудан, гір тасын көтеруден, асық ату, ләңгі тебу, қой көтеру сынды ұлттық ойын түрлерінен бақтарын сынады.
   Спорттық бәсекенің қорытындысы бойынша арқан тартудан І орынды oқу-жаттығу взводының құрама командасы иеленсе, ІІ және ІІІ орындарды "Ақсай" полиция бөлімшесі мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының құрама командалары қанжығаларына байлады.
   Гір тасын көтеруден Жедел қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Ахметов Талант үздік деп танылды. Ал асық атудың және ләңгі тебудің шеберлері болып Жедел қимылдайтын арнайы жасағының инспекторлары Мұхит Серікбейітов пен Женсерік Абдулайтов танылса, қой көтеруден Жедел қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы, дзюдодан және қол күрестен әлем және республикалық деңгейдегі чемпионаттардың жеңіспазы Ержан Абдуллаев талассыз жеңімпаз атанды.





01 сәуір 2018 ж. 650 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области