Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БҮЛДІРШІНДЕРГЕ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

БҮЛДІРШІНДЕРГЕ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ


    16 наурызда Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметкерлері ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға мерекелік концерт қойды.
    Шараға «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының 45 бүлдіршіні қатысты.
    Шара облыс орталығындағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде бастау алды. Онда балаларға арналып наурыз көже қойылған ақ дастархан жайылды. Ювеналды полиция бөлімшесі қызметкерлерінің балалары өз өнерлерін көрсетіп, ән шашуларын арнады. Атап айтқанда, «Мұрагер» мектебінің 3-сынып оқушысы Маратов Мақсат «Қазағым» әнін орындап, көрермен көңілінен шықса, №198 орта мектептің 5-сынып оқушысы Ардаққызы Нұрай қазақ биін орындап, көрермендерін тәнті етті.
    Көңілді шара «Жібек жолы» ойын-сауық кешенінде жалғасын тапты. Полиция қызметкерлері балаларды «Ботақан» ойын-сауық кешеніндегі аттракциондарға ойнатып, соңынан кинотеатрға апарды. Бүлдіршіндер қазіргі таңда сұранысқа ие режиссерлер Питер Лепениотис пен Шелли Шенойдың туындысы «Гномы в доме» мультфильмін тамашалады. Мұнан кейін балаларға түрлі тәттілер таратылды.
    Айрықша атап өтер жайт, «Жібек жолы» ойын-сауық сауда орталығының басшылығы (атап айтқанда кинотеатр және «Ботақан» бүлдіршіндер ойын алаңының ұжымы) қайырымдылық шарасына үлес қосып, балалардың барлық қызмет түрлерін тегін пайдалануға мүмкіндік жасады.
    Жүздері қуаныштан бал-бұл жанған балақайлар мол әсер алғандарын жеткізіп, осындай жақсы көңіл-күй сыйлаған полицей аға-әпкелеріне ризашылықтарын білдіріп жатты.
    Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі




16 наурыз 2018 ж. 656 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области