Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «КІТАПХАНАДАҒЫ ТУҒАН КҮН»

«КІТАПХАНАДАҒЫ ТУҒАН КҮН»


    20 ақпанда кітапханада «Кітапханадағы туған күн» жобасы аясында балаларға арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Туған күн иелері – кітапхананың оқырмандары №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің  4«б» сынып оқушылары Мақсат Құрманғали, Нұрлыбек және Ұлықбек Тоқтаған. Шараға туған күн иелерімен бірге ата-аналары, бауырлары және достары қатысты. Балалар кітапханадағы уақыттарын өте көңілді өткізді.
    Бұл күні туған күн иелеріне ерекше сый-құрмет көрсетілді. Зал мерекеге сай  әсем безендірілді. Мерекеде туған күн иелеріне құттықтаулар айтып,  жылы лебіздерін білдірді. Балалар ән салып, би билеп, түрлі ойындарға белсене қатысты. Шара соңында туған күн иелеріне кітаптар сыйға берілді, сондай-ақ, балаларға тәттілер таратылды.
    Кітапхана – ол тек қана кітап, журнал сақталатын орын ғана емес, ол – отбасылық бас қосулар мен көңілді кездесулер орны. Қызықты және ерекше өткен «Кітапханадағы туған күн» балалардың есінде мәңгі сақталып қалатын мереке болды. Балаларға осындай қуанышты сәт сыйлаған Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханаға ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.




22 ақпан 2018 ж. 1 054 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области