Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АЛТЫН ТҰҒЫР – ТУҒАН ЖЕР

АЛТЫН ТҰҒЫР – ТУҒАН ЖЕР


    Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани  жаңғыру» мақаласында «Туған жерге іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патроиотизмнің маңызды көрінісі» деген болатын.
     Адам баласына өзінің туған жерінен артық мекен жоқ. Әрбіріміздің адами болмысымызды қалыптастырып, түлеткен ұямыз да, қайта айналып қонатын алтын тұғырымыз да - туған  жеріміз. Сондықтан әр шалғайда жүрген  әрбірімізге тілекші болып отыратын туған жерге тағзым ету біздің азаматтық міндетіміз!
    Республика бойынша бастау алған  «Туған жерге тағзым!» шарасы Жалағаш ауданындағы  Мөрәлі Шәменов ауылында да  өз жалғасын тапты.
    М.Шәменов ауылында туған жерден түлеп ұшып, бүгінде еліміздің әр қиырында абыроймен қызмет атқарып жүрген   жерлестеріміздің    қатысуымен   «Туған   жерге   тағзым!» акциясы өткізілді.
    Шараға қатысушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған Тағзым алаңына, ауылдағы №34 орта мектепке аты берілген қоғам қайраткері Ә.Бердаулетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып,  еңбек ардагері, көпбалалы ана Алтынай әжеден бата алды.
    Әрі қарай салатанат 1954 -1994 жылғы түлектердің қатысуымен акт залында жалғасты. «МЕГА АГРО» ЖШС директоры К.Еспанов, халықаралық қазақ тілі қоғамының Жалағаш аудандық ұйымының төрайымы Д.Мейірманова, М.Мәншәріпова мен ауыл ақсақалы С.Құланбаев, тыл ардагері А. Қаюпова Т.Сәрсенбаева, №114 орта мектеп директоры М.Жүсіпова секілді құрметті қонақтарға сөз берілді.
    Бұл акцияға алтын ұя мектебіміздің 1954-1994  жылғы түлектері қатысып, балалық шақтарының бал дәуренді сәттерінен сағынышты  естеліктерін ерекше толқумен сағына еске алып, өздерінің мектебіне, ұстаздарына деген жылы лебіздерін білдіріп, акцияға 400000 мың көлемінде ақшалай көмек беріп,  өз үлестерін қосты.
    Мектеп түлектері Нариман Аяғанов, Айнұр Көшекбаева, Назира Аймаханова өз отбасы есебінен қаржылай үлес қосса, мектебіміздің тағы бір түлегі Мәулен Бегалиев Маулен спорттық жабдықтарды сыйға тартты. «МЕГА АГРО» ЖСШ директоры М. Еспанов мектепке музыкалық аппарат алуға 300000 мың көлемінде ақшалай көмек берді. Ал жерлесіміз осы мектептің түлегі бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Мәжілісінде қызмет атқарып жүрген Т. Мұсаев шарадан қалыс қалмай, 2017-2018 оқу жылының қорытындысымен ауылымыздың атын республикаға, облысқа, ауданға танытып жүрген үздік оқыған, білімді, шығармашыл өнерлі, спортшы оқушыларға «Түмен әулие» атындағы арнайы ақшалай жүлде тағайындайтынын жеткізді.  
     «Туған жерге тағзым!» акциясы аясында түскен қаржыларға мектеп қажеттілігіне қажетті заттар алу жоспарлануда.  Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық. Бүгінгі күні түрлі мамандық иелері, ел азаматтары, ел ағалары болған, мектебімізден  әр жыл сайын қанаттанып ұшқан, бүгінгі дәстүрлі кездесуге, аяулы мектебімен қауышуға жүректері алып ұшып келіп отырған мектеп түлектері кешіміздің өздеріне арналғандығына дән ризашылық сезімдерін білдірді.
    «Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл!» демекші осы жылғы шараны да мектебіміздің көркеюіне септігі тиетіндей игі бастамалардан бастағанымыз жөн.
    С. МҰСАЕВА,
    Ә.Бердаулетов атындағы №34 орта
    мектеп  директоры,
    Жалағаш ауданы, М.Шәменов ауылы.




13 желтоқсан 2017 ж. 1 212 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области