ЖАЛАҒАШТА "ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ" АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ
Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының әлмисақтан жалғасқан салты. Бұл ұлттық санамыздағы аса қастерлі ұғым. Елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білу. Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасы осыған үндейді.
Осы жылдың 9 желтоқсаны күні Жалағаш ауданында "Туған жерге тағзым" акциясы өтеді. Оған осы ауданнан түлеп ұшып, бүгінде еліміздің әр қиырында еңбек етіп жатқан азаматтар қатысады деп күтілуде.
Аудандан басталған акция облыс орталығында жалғасын табады деп жоспарлануда.