Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЖАЛАҒАШТА «ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЖАЛАҒАШТА «ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ


    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында Жалағашта «Туған жерге тағзым» акциясы өткізіліп, бірқатар әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыру мақсатындағы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Осы күні аудан әкімдігі мен «Кристалл МС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында жобалық құны 100 млн теңге болатын «Аудандық орталық мешіт және асхана құрылысын» салу туралы келісім жасалды. Сондай-ақ, шарада жергілікті әкімдік пен «Таң ЛТД» ЖШС «Таң ауылының орталық алаңын абаттандыру және спорт кешенін қайта жаңғырту», «ҚуатАмлонМұнай» БК «Жалағаш кентіне балалар ойын алаңын салу», «Байтабын» ЖШС «Бұқарбай батыр ауылына арка орнату», «Қазақ күріш ғылыми зерттеу институты» ЖШС «Жалағаш ауданынына «Әйгерім, Сыр сұлуы» күріш тұқымын енгізу арқылы күріш тұқымын жаңарту», «Ілияс Қабылов» қоғамдық қоры «Жалағаш кентіне Ілияс Қабылов ескерткішін орнату және аллея құрылысы» жобасы, «Қазақ радиосы» ЖШС «Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпараттарды республикалық деңгейде жариялау және ауданның медиа кеңістігін кеңейту, аудан журналистерін республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында тағылымдамадан өткізуге ықпал жасау» жобалары бойынша меморандум жасасты.
    Сонымен бірге, «Квант» ЖШС директоры Жаңабай Бекішов 5 млн теңге көлемінде қаржы бөлетіндігін айтса, Қаракеткен ауылының тумасы Болат Қуандық туған ауылына спорттық жаттығу залын салатындығын,  қазіргі уақытта Ақтөбе облысында қызмет атқарып жүрген ел азаматы Сағымбай Қоңырбаев қаржылай қолдау көрсетіндігін айтты.  Аққұм ауылының тумасы киносыншы, өнертану PhD докторы, өнер саласының маманы Гүлзат Көбек Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейтойына орай имидждік роликтер, шеберлік сыныптар өтетіндігін және ауданға 500 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсететіндігін жеткізді.  
    Акцияға қатысқан «Қазақ радиосы» ЖШС бас директоры Мәди Манатбек Еңбек ауылдық округі имамының және спорт мектебі ашылған жағдайда спорт жаттықтырушысының айлығын төлеп беруге дайын екендігін айтса, техника ғылымдарының докторы, профессор Нариман Жалғасұлы  ауыл шаруашылығы, оның ішінде қауын-қарбыздан шығатын өнімдерді өңдейдін  құрал-жабдықтарды жеткізіп беруге уәде етті.  
    Айтыскер ақын, «Алтын домбыраның» екі дүркін иегері Мұхтар Ниязов туған ауылында озат оқушыларға шәкіртақы тағайындап отыр. Енді ол ауыл спортын жандандыруға жәрдем беретін болды. Ал Қаракеткен ауылының тумасы, жеке кәсіпкер Алма Байділдаева ауылына 300 мың теңге көлемінде қаржы бөлетіндігін айтты.
    Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Әмір Шаймағанбетов Аққыр ауылында спорттық алаң салатындығын айтса, осы ауылдан шыққан кәсіпркерлер туған жерлерін түлетуге үлес қосатындықтарын айтты.  
    Сонымен бірге аудан кәсіпкерлері А.Қалыбаева, А.Махатова, Б.Сейітова акция аясында 500 мың теңге көлемінде қаржы бөлді.


11 желтоқсан 2017 ж. 1 286 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области