Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫР СПОРТШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН 3 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

СЫР СПОРТШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН 3 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ


    Ресейдің Медынь қаласында ересектер арасында әмбебап жекпе-жектен өткен әлем чемпионатынан жерлестеріміз табысты оралды. Әлемнің 31 елінен мықтылар қатысқан дүбірлі додада еліміздің  спортшылары 8 жүлдеге ие болса, оның үшеуі  жерлестеріміздің еншісінде болды.
    Атап айтсақ, 60 келі салмақ дәрежесінде ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әліби Қалила мен спорт шеберіне үміткер Нұршат Аманқосов (75 келі) және спорт шебері, аралдық Әліби Болатұлы (80 келі) сынға түсіп, күміс жүлделерді иеленді.
    Үш спортшы да Қазақстан құрама команда мүшелері,  Ә.Қалила мен Ә.Болатұлы биылғы Азия чемпиондары.
    Спортшыларды дайындаған бапкерлері: ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Олжас Акимов, Нұрбек Жармаханов және Қазыбек Алтруов.
    Айтулы сайыста Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте -  екінші, Ресей -  бірінші, Өзбекстан  - үшінші орындарды еншіледі.

23 қараша 2017 ж. 1 109 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области