Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сенатор: Арал апатымен күрес – Орталық Азия мемлекеттерінің ортақ мәселесі

Сенатор: Арал апатымен күрес – Орталық Азия мемлекеттерінің ортақ мәселесі

Kyzylorda-news.kz. Палата төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі жөніндегі Вице-президенті Анна Бьердемен келіссөз жүргізіп, Қазақстанның осы халықаралық ұйыммен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.


Төраға орынбасары Дүниежүзілік банкпен стратегиялық серіктестіктің маңызын атап өтті. Қазақстанда қазіргі уақытта банктің көмегімен әлеуметтік-экономикалық және экология салаларында жалпы сомасы 3,5 млрд доллар болатын 12 жоба іске асуда.

Анна Бьерде инклюзивтік өсу, адам капиталын нығайту, мемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру, елдің институционалдық дамуына жәрдемдесуді банк қызметінің Қазақстандағы негізгі бағыттары ретінде белгілегенін айтты. Бұл тұрғыда нәтижеге бағдарланған бюджетті жетілдіруде Үкіметке техникалық жәрдемдесу дербес назар аударуды талап етеді.

Жүздесушілер Глазгодағы климаттық саммиттің қорытындыларын, Қазақстандағы булану нәтижесіндегі шығарындыларды 15%-ға азайту, көміртегінен бейтарап болуға 2060 жылға дейін қол жеткізу жөніндегі жоспарларын талқылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде Орнықты даму жөніндегі Орталық Азия Аймақтық климаттық хабын құру бастамасына қолдау білдірілді.

Дүниежүзілік банктің Вице-президенті Қазақстандағы булану нәтижесіндегі шығарындыларды азайтуға ықпал ететін мал шаруашылығын тұрақты дамыту бағдарламасын тез арада ратификациялауға мүдделі екенін жеткізді. Осыған байланысты мал шаруашылығы саласын дамыту құралдарын жетілдіру арқылы климаттық өзгерістерге қарсы күрестегі Қазақстанның көшбасшылығы атап өтілді.

Су ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғаумен бірге Орнықты даму мәселелерінің мән-маңызы бірінші дәрежеге ие әрі баршаға ортақ. Арал теңізі апатының салдарымен күрес Орталық Азия мемлекеттерінің ортақ проблемасы, сондай-ақ екі және көпжақты негізде шешілуі тиіс, – деді Сенат төрағасының орынбасары.

Банктің қолдауымен жүзеге асқан экологиялық жобалар су деңгейінің жоғарылауына, Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі балық аулауды қалпына келтіруге, сондай-ақ жалпы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етті.

Дүниежүзілік банк өкілі Орнықты даму мақсаттарын іске асыруда Қазақстанға жәрдемдесуге және климаттың өзгеруіне қарсы күресте бастамаларды ілгерілетуге ықпал етуге дайын екендігін білдірді.

15 қараша 2021 ж. 79 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области