Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » НЫҒМАТУЛИН МЕН БҮКІЛӘЛЕМДІК БАНК ӨКІЛІ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

НЫҒМАТУЛИН МЕН БҮКІЛӘЛЕМДІК БАНК ӨКІЛІ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ


    ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Бүкіләлемдік банк өкілдерін қабылдады.
    Бүгін Мәжілісте Палата спикері Нұрлан Нығматулин Бүкіләлемдік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браунмен және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Лилия Бурунчукпен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz.
    Кездесу барысында Н.Нығматулин аталған қаржылық институтпен қарым-қатынас орнаған 25 жыл ішінде атқарылған жұмыстарға тоқталды.
    Мәжіліс спикері атап өткендей, осы уақыт ішінде Қазақстанда 46 жоба  қаржыландырылған, жоспарда тағы да 48 маңызды жоба бар. 2002 жылдан бері бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы қолға алынып келеді. Өткен жылы Қазақстан мен Бүкіләлемдік банк арасында 2012-2017 жылдарға арналған әріптестік стратегиясы табысты жүзеге асырылған.  
    Мемлекетіміздің даму бағыты жайлы сөз еткенде Мәжіліс төрағасы қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Нұрлы Жол" бағдарламасының маңыздылығына тоқталды. Соның ішінде әлеуметтік және энергетикалық инфрақұрылымдар, шағын және орта бизнесті дамытуға арналған басқа да ірі жобаларға айрықша назар аударды.
    Бүкіләлемдік банк өкілі біздің еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне жоғары баға беріп, аталған банк үшін Қазақстанмен бірлесе жұмыс жасау мақтаныш екенін жеткізді.
    Ал, Лилия Бурунчуктың пікірінше, Қазақстан – Бүкіләлемдік банктің Орталық Азиядағы маңызды әріптесі және біздің елмен бірлескен жұмыс ең негізгі бағыттардың бірі. Себебі, бұл жерде ірі ауқымды жобалар іске асырылады.
    Кездесу барысында парламенттер ықпалдастығы мәселесі де назардын тыс қалған жоқ.  
    Мәжіліс төрағасының айтуынша, депутаттық корпустың заңнамалық жұмысында Банк мамандарының тәжірибесі мен біліктілігінің де оң әсері бар. Мәселен, ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, саланы цифрландыру, сондай-ақ, инновациялық қаржылық тетіктерді енгізу мүмкіндіктері тақырыптарында пікір алмасудың маңыздылығы зор.  

26 ақпан 2018 ж. 633 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области