Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда ревакцинациялау мерзімі белгілі болды

Қазақстанда ревакцинациялау мерзімі белгілі болды

Kyzylorda-news.kz.  ҚР бас санитар дәрігерінің халыққа ревакцинация жасау туралы жаңа қаулысы жарияланды.

ҚР бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетованың COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация жүргізу туралы қаулысы жарияланды. Құжатта КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жататын халықтың тәуекел топтары көрсетілген.

Олар:

1) медицина қызметкерлері;

2) педагогтер;

3) күш құрылымдарының қызметкерлері;

4) медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті;

5) 60 жастан асқан адамдар;

6) Бұған дейін КВИ-ге қарсы вакцина алса да, иммунитеті әлсіреген адамдар (иммуносупрессивті терапиядағы адамдар (лейкемияны, лимфоманы және миеломаны қоса алғанда, қатты ісікті немесе гематологиялық қатерлі ісікті белсенді иммуносупрессивті емдеу немесе осындай емдеу тоқтатылғаннан кейін 12 ай ішінде), гемодиализдегі адамдар, трансплантат реципиенттері, АИТВ жұқтырған ауыр бастапқы иммун тапшылығы);

7) өз бетінше тексерілу нәтижесінде ағзасында КВИ-ге қарсы антидене жоқ екені анықталған адамдар.

Ревакцинация жүргізудің мерзімдері мынадай:

  • Егер алғашқы курс кезінде векторлық вакцина салғызсаңыз, ревакцинация 9 айдан кейін жасалуы керек;
  • инактивті және м-РНҚ-вакциналардан кейінгі ревакцинация 6 айдан кейін жүргізіледі.
«КВИ-ге қарсы ревакцинацияны алғашқы вакцинация курсына пайдаланылған вакцинамен жүргізуге жол беріледі», – деп жазылған қаулыда.
16 қараша 2021 ж. 124 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области