Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария ауданында 475 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді

Сырдария ауданында 475 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы бойынша 2620 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Қазіргі таңда оның 2441-і жұмыс жасап тұр.

Биылғы жылдың 1 қарашасына Сырдария ауданында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын 475 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.

Атап айтқанда, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша құны 285,6 млн.теңгенің 69 жобасы несилендірілді. Олардың басым бөлігі мал басын көбейту, бордақылау, монша ашу, қажетті техникаларды алу секілді жобаларды қамтиды.

Осы бағдарламаның екінші бағыты аясында Стартап жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 237 адамға 138,3 млн.теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктерден 76 кәсіпкерлік субъектісі 424,7 млн.теңге несие алып, жұмыстарын жасауда. Осы бағдарламаның қайтарымсыз грант беру тетігі бойынша 8 жобаға 23,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы аудандағы 22 шаруа қожалығы құны 1134,6 млн. теңгеге 53 ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтары алынды.
17 қараша 2021 ж. 72 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области