Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Солтүстік батыс циклоның ықпалымен Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында қар жауып, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста жаяу бұрқасын соғып, оңтүстікте көктайғақ, тұман болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек Атырау облысында күн жауын-шашынсыз болады.

Түнде Түркістан облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда екпіні 23-28, тау шатқалдарында 30 м/с және одан да жоғары болады. Күндіз елдің солтүстігінде, таулы аудандарда 15-20 м/с жаяу бұрқасын болады, оңтүстікте тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында жел секундына 15-20 метр, батыс, солтүстік жартысында 23-28, кейде 30 м/с және одан жоғары жылдамдықпен жел соғып, бұрқасындатады, жолдарда көктайғақ болады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с жел болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің күші секундына 15-20 мтерге жетеді, түнде екпіні 23-28 м/с, түнде басым бөлігінде, күндіз оңтүстікте, Павлодар облысының орталығында желдің күші 15-20 м/с болып жаяу бұрқасын соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, түнде және таңертең оңтүстік батысында тұман, түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде және таңертең жаяу бұрқасын болады.

Түнде Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады, жел 18 м/с-қа дейін күшейеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ, солтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік шығысында көктайғақ, солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі. Түнде және таңертең Алматы облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
18 қараша 2021 ж. 73 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области