Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова: Дәрі-дәрмекке қатысты мәселе жоқ

Гүлшара Әбдіқалықова: Дәрі-дәрмекке қатысты мәселе жоқ

Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі күні вакцинациялауға жататын Қызылорда облысы тұрғындарының 86,2%-ы, яғни 389954 адам вакцинаның бірінші компонентін алса, 72,5%-ы, 328189 адам екінші компонентін салдырды.

«Облыс «жасыл аймақта» болғанына қарамастан, коронавирустық инфекцияны тежеу негізгі бағыттардың бірі болып қалуда. Жыл басынан бері егу кабинеттерінің саны 34-тен 106-ға дейін артты. Үй жағдайында қызмет көрсететін 39 мобильді, 167 мониторингтік топ жұмыс жасауда», – деді облыс әкімі.

Қазіргі таңда 15363 объект тексеріліп, 52 млн. теңгеге 799 бұзушылық анықталды.

«Pfizer» вакцинасын егуді 15 қарашадан бастадық. Бүгінде 23400 дозасы өңірге жеткізілді. Талаптарға сәйкес 2 мұздатқыш камера сатып алынды, жақын арада тағы 10 камера мен 20 термоконтейнер жеткізілетін болады. Барлығы 97 мың доза жеткізу көзделіп отыр», – дейді Гүлшара Әбдіқалықова.

Аймақ басшысының айтуынша, басқа жедел респираторлық-вирустық инфекциялармен күресуге дайын, дәрі-дәрмекке қатысты мәселе жоқ.
18 қараша 2021 ж. 119 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области