Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада индустрияландыру бағдарламасы бойынша 4 жобаны іске қосу жоспарлануда

Қызылордада индустрияландыру бағдарламасы бойынша 4 жобаны іске қосу жоспарлануда

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында құны 543 млрд. теңгеден асатын 46 инвестициялық жобамен жұмыс жүргізілді. Осы жобалар арқылы 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туды.

«Биыл құны 45 млрд. теңгені құрайтын, қолданысқа түскенде 500-ге жуық жұмыс орны ашылатын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олардың қатарында Қызылорда қаласындағы шыны зауыты бар. Сонымен қатар, осы жылы 235 млрд. теңгені құрайтын Жаңақорған ауданында «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинатының және 93,5 млрд. теңгені құрайтын Арал ауданында кальцийленген сода зауытының құрылысын бастау дайындықтары жүргізілуде. Шиелі ауданында «Баласауысқандық» ванадий кен орнын игеру жұмыстары жалғасуда, осы жылдың желтоқсан айынан бастап ферромолибден өнімін өндіруді бастаймыз», – дейді Гүлшара Наушақызы.
18 қараша 2021 ж. 86 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области