Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Pfizer вакцинасы аутизм мен белсіздік тудыруы мүмкін бе?

Pfizer вакцинасы аутизм мен белсіздік тудыруы мүмкін бе?

Kyzylorda-news.kz. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева «Журналистика медициналық мектебі» жобасының онлайн-лекториясында Pfizer/Biontech компаниясының Comirnaty препаратымен балаларды вакциналау туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әсіресе ең өзектісі – вакцина қандай да бір ауруларды, атап айтқанда, қатерлі ісік, қант диабеті немесе аутизм сияқты генетикалық ауытқуды тудырмай ма деген сұрақ болды.

«Comirnaty/Pfizer вакцинасы қатерлі ісікке де, диабетке де, аутизмге де әкелмейді. Сондай-ақ, бұл басқа созылмалы аурулардың өршуіне ықпал етпейді және вакциналау қант диабеті, қатерлі ісік сияқты созылмалы аурулары бар адамдарға қажет, өйткені мұндай адамдарда COVID-19 өте ауыр өтеді», – деді дәрігер.

Сарапшының айтуынша, Comirnaty/Pfizer вакцинасының бір дозасының құрамында капсулаланған нанобөлшектер қабығында 30 микрограмм РНҚ немесе рибонуклеин қышқылы бар.

«Бұл РНҚ ақпарат адамның ДНҚ-сына ене алмайды, ол нақты антиденелердің түзілуін ынталандырады және орта есеппен 72 сағаттан кейін денеден жоғалады», – дейді сарапшы.
21 қараша 2021 ж. 84 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области