Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қант диабеті туралы білу маңызды

Қант диабеті туралы білу маңызды

Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі күні қант диабеті əлемдегі кең тараған сырқат түрі болып отыр.  Қан құрамындағы қант мөлшерінің көбеюі - қатерлі ісік, жүрек жəне қан айналымы жүйесі ауруларын тудыруы мүмкін. Ол қант диабетінің басталу себебі де болып табылады.Бұл сырқат менен алыс деп ойлауға да болмайды. Тəуекел аймағында миллиондаған адамдар бар, олардың қатарына жастар да қосылды.
Қант диабеті бірінші жəне екінші типті болып келеді. Екінші типті қант диабеті ең көп тараған түрі, сырқаттанушының 85 - 90 пайызы осы типті болып келеді. Инсулинге тəуелді болып келетін бірінші типті қант диабеті генетикалық бейімділіктен туындаса, екінші типті қант диабеті жүре бара, салауатты өмір салтын ұстанбай, дұрыс тамақтанбағандықтан пайда болады.
Диабет бірден пайда болмайды. Өмір бойы денсаулыққа қатысты мəселе туындамас үшін диабеталды кезеңді өткізіп алмау қажет. Диабеталды кезең дегеніміз- қандағы қант мөлшерінің жоғары болуы, бірақ диабеттік кезеңге жете қоймауы. Бұл жағдайды біліп жəне бақылауда ұстау үшін қандағы қант мөлшерін анықтайын қан талдауын тапсыру қажет. Бұл талдау таңертең ашқанынға тапсырылады. Қандағы глюкоза құрамы 5.6 - 5.9-ды көрсетсе - диабеталды кезең болып саналады.
Қант диабетінің алғашқы белгілері келесі жағдайлар болуы мүмкін: ағзаның шөлдеп кептіруіне алып келетін, жиі зəр шығару мен əр уақытта шөлдеу сезімі, əлсіздік, көздің нашар көріп, қарашығында ақшыл қабықшаның пайда болуы, терінің қышынуы. Осы белгілер байқалған жағдайда қанға талдау мен сынама тапсыру қажет.
Жылына екі рет қандағы қант мөлшеріне анализ жасату қажет. Осы арқылы қант диабеті сырқаты басталуының алдын аласыз.

Жамила Махмутова,
Қызылорда қаласы бойынша
«Қант диабеті мектебі» медбикесі
09 желтоқсан 2019 ж. 565 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области