Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда науқастарға арналған қымбат дәріні өзі иемденген дәрігер ұсталды

Аралда науқастарға арналған қымбат дәріні өзі иемденген дәрігер ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Арал ауданында қант диабеті ауруына байланысты рецепті бойынша тегін берілетін «Виктоза» дәрісінің 35 қорабын осы диагнозбен науқас аудандық амбулаториялық емхананың дәрігері өзі негізсіз алған. Бұл туралы деді Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Ғабит Ұзақбай мәлімдеді.

«Виктоза» дәрісі қымбат тұрады. Оның бір қорабының бағасы 45 мың теңге шамасында. Бұл дәрінің 35 қорабын аудандық амбулаториялық емхананың дәрігері негізсіз алған. Нәтижесінде 5 адам қажетті дәріге қол жеткізе алмаған. Алайда, бір науқас үшін жылына «Виктоза» препаратының 18 қорабын ғана қолдануға рұқсат берілген.
«Аталған дерек аудандық полиция бөліміне тергеп-тексеру үшін жүктеліп, осыған жол берген кінәлі медицина қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осыған орай, прокуратураның ықпалымен емхананың дәрігеріне берілген 10 қорап дәрі кері қайтарылды. Ол дәрілер қант диабеті бар 5 науқасқа толық таратылып берілді», - деді Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Ғабит Ұзақбай.
27 тамыз 2019 ж. 441 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области