Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Pfizer» вакцинасын 2 016 тұрғын қабылдады

Қызылордада «Pfizer» вакцинасын 2 016 тұрғын қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Бүгінде коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 87,9 пайыз болса, екінші дозасын 74,4 пайыз тұрғын қабылдаған.

15 қарашадан басталған «Pfizer» вакцинасын облыстағы 2 016 тұрғын қабылдады. Атап айтқанда, жүкті әйелдер – 366, бала емізуші кезеңіндегі әйелдер – 226 және 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 1 424. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

«Облыстағы эпидемиологиялық ахуал жақсарды деп айтуымызға болады. Өңірімізге 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, бала емізетін және аяғы ауыр әйелдерді індетке қарсы вакцинациялау үшін «Pfizer» препаратының 23 400 дозасы жеткізілген болатын. Қазіргі таңда 12-18 жас аралығында вакцинацияны АҚШ, Канада, Израиль, Сингапур, Жапония, Қытай және Еуропа мемлекеттерінде сәтті жүргізілуде. Вакциналаудың тиімділігі, қауіпсіздігі мен сапасы бойынша тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Мәселен, қала және аудандардағы оқу орындарында ата-аналармен медицина саласының мамандары кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде», – деді Әлия Мүтәліпқызы.
24 қараша 2021 ж. 81 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области