Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлжан Болатова: 6 жүкті әйел өз еркімен «PFIZER» вакцинасын қабылдады

Ұлжан Болатова: 6 жүкті әйел өз еркімен «PFIZER» вакцинасын қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Өңіріміздегі эпидемиологиялық ахуалды жақсартып, ұжымдық имунитет қалыптастыру мақсатында жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге АҚШ- та өндірілген «PFIZER» вакцинасын салу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда бұл екпені жүкті әйелдер мен жасөспірімдер өздерінің келісімдерімен салғызуда. Осы жайында бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте №4 қалалық емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері Ұлжан Болатова мәлімдеді.

«Өткен жылдан бері әлем елдері коронавирус індетімен күресіп келеді. Өкінішке қарай, қауіпті кеселді ауыздықтау әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр. Оның үстіне, қазіргі таңда әлемде вирустың мутацияланған жаңа түрлерінің де қауіптілігі аса жоғары болып отыр. Вирустың бұндай түрлерінің жұғу пайызы жоғары. Бұл дерттің алдын-алып, сақтанудың жалғыз жолы – вакцина салдыру. Осы аптада №4 қалалық емханада 6 жүкті әйел өз еркімен «PFIZER» вакцинасын қабылдады. Аталаған вакцинаға белгілі шектеулер бар. Атап айтқанда, 16-37 аптадағы жүкті әйелдер және босанғаннан кейін 72 күннен соң екпені ала алады», – деді Ұлжан Маратқызы.
19 қараша 2021 ж. 136 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области