Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлжан Абсатова: 83 пайыздан астам қызылордалық вакцина қабылдады

Гүлжан Абсатова: 83 пайыздан астам қызылордалық вакцина қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Эпидемиологиялық ахуал бойынша соңғы күндері Қызылорда облысы – «жасыл аймақта». Дегенмен босаңсып кетпеуіміз қажет. «Covid-19» дертімен күресте алдыңғы шепте медицина саласының мамандарының еңбегі зор. Осы жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала мамандары карантиндік талаптарды қатаң ұстап, екпе алуға шақырды.

«Қазіргі күні облысымыздағы екпе алуға жататын тұрғындардың 83 пайыздан астамы вакцина қабылдаған. Ендігі кезекте осы көрсеткішті көбейтіп, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға атсалысуымыз қажет. Мен – өзім эндокринолог дәрігермін. Күнделікті науқастармен жұмыс жасап, түрлі іс-шаралар ұйымдастырамын. Сол себепті қауіпсіздігімді сақтап, айналамдағы адамдарға зияным тиіп кетпеу мәселесі өте өзекті. Сындарлы кезеңнен ауызбіршілікпен, тәртіпке бағынумен өтіп кетуге болатынына сенемін»,- деді №6 қалалық емхананың эндокринолог дәрігері Гүлжан Абсатова.

«Өткен жылдан бері әлем елдері коронавирус індетімен күресіп келеді. Өкінішке орай, қауіпті кеселді ауыздықтау әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр. Оның үстіне, қазіргі таңда әлемде вирустың мутацияланған жаңа түрлерінің де қауіптілігі аса жоғары болып отыр. Вирустың бұндай түрлерінің жұғу пайызы жоғары. Бұл дерттің алдын алып, сақтанудың жалғыз жолы – вакцина салдыру. Екпе алу арқылы біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды да қорғай аламыз. «Сovid-19» пандемиясы кезінде вакцина алу өте маңызды. Бұл жұқпалы аурудың таралуын бәсеңдетеді»,- деді «Сенім» емханасының терапевт дәрігері Әйгерім Ғалымжанқызы.
11 қараша 2021 ж. 124 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области