Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұрсұлтан Қыдырбайұлы: Әр азамат екпе егу жұмыстарына жауапкершілікпен қарау керек

Нұрсұлтан Қыдырбайұлы: Әр азамат екпе егу жұмыстарына жауапкершілікпен қарау керек

Kyzylorda-news.kz. №5 Қызылорда қалалық емхананың аймақтық дәрігері Нұрсұлтан Қыдырбайұлының айтуынша, індетті жоюдың жалғыз жолы – вакцина. Ол өз сөзінде әр азамат екпе егу жұмыстарына жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін айтты.

«Коронавирус инфекциясымен күресіп келе жатқанымызға бір жылдан аса уақыт өтті. «COVID – 19» вирустық инфекция қатарына жатады. Яғни, ауру ауа арқылы тарап, азаматтарға ауа арқылы жұғады. Бұл дертпен күресу оңай емес, бүгінде әлем бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал сөзімізге дәлел. Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап, елімізде жаппай вакцинация шаралары басталды. Ендігі кезекте, әр азамат екпе егу жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, вакцина қабылдауы тиіс. Бүгінде өңіріміздегі ахуал күн өткен сайын күрделеніп барады. Қазір Қызылорда «Қызыл аймақта». Жағдайды ушықтырмау сіз бен біздің қолымызда. Вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға асығайық», – дейді дәрігер.
20 тамыз 2021 ж. 297 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области