Динара Айбосынова: Ұжымдық иммунитет қалыптастыруға атсалысуымыз қажет
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Динара Айбосынова халықты ұжымдық иммунитет қалыптастыруға шақырады.
«Өздеріңізге белгілі, соңғы бір айдың ішінде облысымыз эпидемиологиялық ахуалға байланысты «Қызыл аймақта». Қазіргі күні дертке шалдыққан азаматтар модульдық жұқпалы аурулар ауруханаға тасымалдануда. Жаңадан ашылған медициналық нысан толықтай қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар коронавирус індетін жеңудің жалғыз ғана жолы бар екендігін еске салғым келеді. Бүгінде облысымыздағы екпе алуға жататын тұрғындардың 63 пайыздан астамы вакцина қабылдаған. Ендігі кезекте осы көрсеткішті көбейтіп, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға атсалысуымыз қажет», – дейді облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Динара Айбосынова.