Қызылордада көлігінде есірткі сақтаған мас жүргізушісі ұсталды
Kyzylorda-news.kz. Облыс көлемінде өтіп жатқан «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Сырдария аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері Шаған ауылына қарасты егістік алқапта 35 жастағы аудан тұрғының басқаруындағы ресейлік нөмірлері «Нексия» автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру барысында жүргізушінің көлікті масаң күйде басқарғаны анықталып, оған Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес хаттама толтыру кезінде жүргізуші есігінің «қалтасынан» қағаз қиындысына оралған ерекше иісі бар шөп тәріздес заты анықталып, тәркіленді. Сараптама қортындысына сәйкес анықталған зат кептірілген марихуана екені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.