Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда Орал қаласының тұрғыны 12 кг есірткімен ұсталды

Қармақшыда Орал қаласының тұрғыны 12 кг есірткімен ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында Атырау облысы тұрғынының басқаруындағы «ВАЗ-21140» үлгісіндегі автокөлік полицейлердің күдігін туғызып, тоқтатылады.
Жедел-тергеу тобымен жүргізілген тексеру барысында жолаушының сөмкесінен, көліктен ерекше иісі бар шөп ұнтақтарының 7 бумасы табылды.
Сараптама қорытындысымен алынған ерекше иісі бар заттар салмағы 12 кг. 524 гр кептірілген марихуана екендігі анықталған.
Күдікті жолаушы, Орал қаласының тұрғыны Қармақшы ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен, яғни, ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
16 қазан 2019 ж. 314 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области