Бауырға зиян тағамдарды білесіз бе?
Kyzylorda-news.kz. Бауыр – бұл денеміздегі маңызды ағзалардың бірі. Ол ас қорытуға көмектеседі, өмірлік маңызды заттарды синтездейді және токсиндерді шығарады. Бауыр қызметінің бұзылуы әлемде ең кең таралған проблемалардың бірі. Бауырыңыз қатты бүлінген кезде де ауырмайды. Себебі оның құрамында ауырсыну рецепторлары жоқ. Әдетте ауырсыну немесе шаншу ауру өте асқынған кезде ғана болады.
Испаниялық диетолог Анжела Морено La Vanguardia басылымына берген сұхбатында ішкі ағзалардың айналасында қауіпті висцеральды майдың, соның ішінде бауырға майдың жиналуына ықпал ететін тағамдарды атады.
Ол әсіресе қаныққан майларға бай тағамдарды үнемі жеу ағзаға зиян екенін атап өтті.
Маманның айтуынша, дүкендегі шұжықтар мен нан өнімдері денсаулыққа өте кері әсер етеді. Бауырдың ауыр проблемалары осындай «диета» нәтижесінде пайда болып, кейін, алкоголь ішпейтін адамдар да дәрігерге жүгінеді. Соңғысы фиброздың, цирроздың және басқа да бірқатар өлімге әкелетін аурулардың дамуын күшейтеді.
«Сондай-ақ, бауырдың қалыпты жұмыс істеуі үшін диетадағы жоғары гликемиялық индексі бар көмірсуларды мүмкіндігінше азайту маңызды. Бұл әсіресе фруктозасы бар тәтті сусындарға, соның ішінде энергетикалық сусындарға қатысты», – деп ескертті Испанияның азық-түлік қауіпсіздігі агенттігі.
Бауыр ауруларының дамуының негізгі қауіп факторлары семіздік, қант диабеті, жоғары холестерин екендігі атап өтілген. Соның кесірінен бауыр айналасында май жиналады.