Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Омикрон штамы Қазақстанға жетуі мүмкін бе?

Омикрон штамы Қазақстанға жетуі мүмкін бе?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда коронавирустың омикрон деп аталатын жаңа штамының пайда болу қаупі бар. Бұл туралы Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.

чМаманның айтуынша, бұрын анықталған барлық COVID-19 қоздырғыштары адамнан адамға ауа тамшылары арқылы тарады. Ал соңғы кездері әлем елдері арасында әуе қатынасы біртіндеп қалпына келіп жатыр. Бұл инфекцияның біздің елге келуіне жанама себеп болуы мүмкін. 24 қарашада Африканың оңтүстігінде – Оңтүстік Африка мен Ботсванада жаңа коронавирус мутагені анықталды.

Сарапшылардың пайымдауынша, бұл COVID-19-дың кез келген басқа штамдарынан, тіпті дельта штамынан да қауіпті болуы мүмкін. Жаңа қоздырғышта 32 мутация бар, олардың кейбіреулері штамның жоғары таралу қабілетін және вакциналарға төзімділігін көрсетеді. 26 қарашада Израильде Африканың Малави елінен оралған адамда алғаш рет коронавирустың омикрон атты жаңа штамы табылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа штамын зерттеуге бірнеше апта қажет екенін айтты. Бірақ қазірдің өзінде сарапшылар омикрон вакциналарға төзімді және тезірек таралуы мүмкін деп болжап отыр.

«COVID-19-дың штамдары негізінен ауа арқылы таралатынын ескерсек, жаңа штамдары басқа елдерге сөзсіз таралады. Демек, қауіп бар. Сонымен бірге жаңа штамдарды вакцина алмаған адамдар жұқтыруда. Сондықтан аурудың алдын алудың басты жолы коронавирус инфекциясына қарсы екпе алу. Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтыру күн сайын төмендеуде. Эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді. Сондықтан қазіргі уақытта Алматы қаласында омикрон штамының белгілері байқалмайды», – деді Алматы қаласы Бас санитарлық дәрігердің орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

29 қараша 2021 ж. 150 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области