Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада орын алған қылмыстың басым бөлігі интернет-алаяқтарға қатысты

Қызылордада орын алған қылмыстың басым бөлігі интернет-алаяқтарға қатысты

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде қоғамда алаяқтық қылмыстар өршіп тұр. Бөтеннің мүлкін заңсыз иемденіп, адамдарды сан соқтырып, оңай олжаны иеленетіндер саны күн сайын артуда. Қаржылық пирамиданы құру, ақпараттық жүйені пайдаланушыларды алдау көбейген. Облыста осы жылдың 11 айында 642 дерегі тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 10,8 пайызға өсім алса, бұл қылмыстың 342 дерегін немесе 52,0 пайызын интернет-алаяқтары құраған.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Полиция департаментінің Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Асхат Мұхтарұлы мәлімдеді.

Интернет-алаяқтары бойынша тіркелген қылмыстардың 49 дерегі немесе 14,3 пайызы шет елдің, яғни Ресей, Украина мемлекеттерінің азаматтарымен жасалғаны анықталған. Осы қылмыс түрінің 15-і сотқа жолданса, 18-і бойынша тергеп-тексерулер тоқтатылған, қалған істердің мерзімі үзілген.

«Мәселен, бір тұрғын ғаламтордағы «WhatsApp» мессенджерінен «Wall Street», «Вклад чат Ергазы» және «Inspider» атауларымен чаттар ашып, жалған ақпарат таратқан. Қатысушыларды басқалардың жарналары есебiнен байыту арқылы осы активтердi тартудан табыс алу жөнiндегi қызметті ұйымдастырып, қаржылық пирамиданы құрған. 16 адамға 4 563 800 теңгеге мүліктік залал келтіргені анықталды. Қылмыстық іс-материалы сотта қаралуда.
Бұдан бөлек, алаяқтар «OLX», «Kolesa.kz» және т.б. сайттарды пайдаланып, жалған сатылымдар ұйымдастырған. Онда тұрғын үйдің, қымбат көліктердің және т.б. бағалы заттардың суреттерін қойып, арзан бағасын көрсеткен. Оған қызығушылық танытқан және бағасына келіскен азаматтарға 10 пайыздық немесе белгілі бір мөлшердегі ақша-қаражаттарын аудартып алып, ізін жасырып, алдап соғуда», – деді А.Мұхтарұлы.

Сондай-ақ, алаяқтар ұялы абонеттерге қоңырау шалып, өздерін Банк қызметкері ретінде таныстырған. Жеке кодтарды сұрау арқылы шоттарға кіру мүмкіндігін алып, ондағы ақша-қаражаттарын жымқырумен де айналысатындар көбейген.

Жалпы, облыс көлемінде 24 интернет алаяқтық қылмысы ашылып, 9 қылмыстық іс кезекші тәулікте ашылған.
Сонымен қатар, брифингке тергеу, анықтау және криминалист мамандарының арасында ұйымдастырылған республикалық сайыста «Үздік анықтаушы» атанған Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің аға анықтаушысы Бақытжан Абжаловта қатысты.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі істер органдарының кадрлық əлеуеті даярлығын көтеру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған бұл сайыс қараша айының 16-19 күндері аралығында ҚР ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында өтті.
02 желтоқсан 2021 ж. 216 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области