Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта былтыр мал ұрлығы көбейген

Жалағашта былтыр мал ұрлығы көбейген

Жалағаш ауданында былтыр мал ұрлығы көбейген, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, мал ұрлығы қылмысы жылдан-жылға өсім алған. Мәселен, 2017 жылы ауданда мал ұрлығына қатысты 41 дерек тіркеліп, орын алған қылмыстың 46,3 пайызы ашылған. Ал, былтыр бұл қылмыс бойынша 47 дерек тіркелген. Яғни, алдыңғы жылға қарағанда қылмыс 14,6 пайызға өсім алған. Сәйкесінше, олардың ашылуында да өсім бар.
«Біз қарапайым халықтың күнкөрісіне айналған ақ адал малын қылмыскерлерден қалайда қорғаудың қамын жасаймыз. Тіпті, оны өзіміздің міндетіміз деп те есептейміз. Бірақ, мал ұрлығының жасалу қарқынына зерттеу жүргізгенімізде қылмыстың бұл түрінің жылдан-жылға өсім алып бара жатқанын байқадық», - дейді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ақтау Ералиев.
Мерзімі үзілген мал ұрлығы 20-дан 31-ге, яғни, 55 пайызға көбейіп отыр. Өткен жылы орын алған 47 қылмыстың 35-і жайылымдық жерде барымташылардың оңай олжасына айналса, 12-сі қорадан қолды болған.
Бұл орайда Ақтау Ералиев қылмыстың өсім алуына тұрғындардың пада ұйымдастырмауы басты себеп болғанын айтуда.
«Мал ұрлығының көбеюіне ауыл тұрғындарының пада ұйымдастырмауы да себеп болып отыр. Бұл өз кезегінде тек мал ұрлығының өсім алуына ғана емес, жол апатының орын алуына да кесірін тигізіп отыр. Себебі, қараусыз мал жайылымдық жерден бөлек үлкен жолға шығып, көлік апатының туындауына кесірін тигізіп жатыр», - дейді Ақтау Ералиев.
Аталған қылмыс бойынша өткен жылғы 2 ай мен биылғы жылдың 2 айлық көрсеткішін салыстырар болса, орын алған қылмыс саны азайған. Былтыр 2 айда мал ұрлығына қатысты 30 қылмыс тіркелсе, биылғы жылдың екі айында 10 дерек анықталған.
«Біздің аудандық полиция бөлімі тарапынан бір «Уаз» автокөлігімен 3 қызметкер азаннан кешке дейін кезекшілікте болады. Олар екі ауысыммен жұмыс жасайды. Күні бойы көлікпен үш қызметкер кезекшілікте болса, таңға дейін тағы келесі ауысым жұмысын жалғастырады. Яғни, бақылау үзіліссіз жүреді. Олар кезекшілік барысында ауданнан шығып жатқан көліктерге бақылау жүргізеді. Олардың ішінде мал тиеп бара жатқандар болса, оның заңдылығын анықтайды», - дейді Ақтау Ералиев.
Аудандық полиция бөлімі мал ұрлығының алдын алу бойынша аудандық ветеринария бөлімімен де тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Бөлім бастығының орынбасары Ақтау Ералиевтың айтуынша, биылғы жылы қылмыстың азаюына осы жұмыстардың сапалылығы басты себеп болып отыр.
«Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам». Жалағаштық полицейлер Елбасы Жолдауында айтылған осы қағидаға сәйкес жұмыс күшейгенін жеткізді.
03 сәуір 2019 ж. 433 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области