ҚЫЗЫЛОРДАДА МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ – БАСТЫ НАЗАРДА
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында «2018 жылдың 7 айында облыстық ішкі істер органдарымен мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, жолын кесу, әшкерелеуде атқарылған жұмыстары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Оған Қызылорда ОІІД-ті Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Дархан Әбдібеков пен Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дәулет Беркімбаев қатысты.
Дархан Әбдібековтің айтуынша, осы жылдың 7 айында аймағымызда 297 мал ұрлығы тіркеліпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,6 пайызға төмен. (Өткен 2017 жылы – 379). Сонымен қатар, ұрлықтың ашылу пайызы 28,6-дан 47,6-ға, яғни 19,0 пайызға жоғарлаған. Мал ұрлығы дерегінің 179-і өрістен, 118-і қорадаң ұрланып отыр.
Бастысы, жыл басынан бері мал ұрлығымен айналысқан жалпы 103 қылмыскер ұсталып, олармен жасалған 139 қылмысы дәлелденіп, тиісті шешім қабылданған. Сондай-ақ, 20 қылмыстық топ құрықталды. Құрылықталған топтардың 82 мал ұрлығын жасағандары белгілі болды.
Мәселен, жедел іздестіру іс-шаралары жүргізу барысында, жыл басында Сырдария ауданында мал ұрлығын кәсіп еткен 16 адамнан құраған қылмыстық топ құрықталып, олармен жасалған жалпы 16 эпизодттық, оның ішінде 9 ауыр санатындағы мал ұрлық қылмыстарын жасағаны дәлелденіп, сотқа жолданып шешім шықты.
– Мал ұрлығының өсім алуының себептерінің бірі тұрғындар малдарын жайылымға бақташысыз жайю мен жоғалған немесе ұрланған малдарын өздері іздеп, таба алмаған соң ғана Ішкі істер органдарына кешіктіріп хабарлауы, - дейді полиция подполковнигі Дархан Әбдібеков.
Бүгінгі таңда аймақтағы ең өзекті мәселе – мал ұрлығы. Соныдқтан да хабарламашы ұрлыққа қарсы, оның ішінде мал ұрлықтарының алдын алу бағытында ҚР Ішкі істер министрлігімен 2018-2020 жылдарға арналған Бағдарлама аясында оның алдын алу, ескерту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мүмкіншіліктеріне қарай, мал ұстайтын орындарда автономды сигнализация және техникалық құралдармен жарақтау, жабдықтау шараларын жүргізілуі керектігіне назар аударды.
Бағдарламаның талаптарын орындау мақсатында, Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда малдарды таңбалау және биркалау үшін Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті басшылығы барлық ҚАІІБ(б)-не нұсқаулар жолдап, облыстық ветеринария басқармасына ұсыныстар келтірілген.
Бұған қоса, жыл басынан мал ұрлықтарының алдын алу мақсатында, облыс көлемінде 5 рет «Мал ұрлаушы» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізіліпті.
Сонымен қатар, мал ұрлықтарымен күресуде ұдайы түрде түнгі мезгілде рейд жұмыстарын жүргізіп, қылмыскерлердің еркін жүруіне тосқауыл қою мақсатында Ішкі істер департаментінен жолданған нұсқауға сәйкес, барлық АІІБ-де мобильдік топтар құрылып, облыстық маңызы бар трассаларда, жайылымдық аумақтардан келетін жолдарда түнгі патрульдеу жұмыстарына Арал ауданынан Жаңақорған ауданына дейінгі аралықта барлығы 15 полиция бекеттері қызмет атқаруда.
Мал ұрлықтарын алдын-алу, ашу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар нәтижесінде өткен жылдармен салыстырғанда тіркелуі едәуір азайған. Бұл бағыттағы тиісті жұмыстар тәртіп сақшылары алдағы уақытта да жалғастыратын болады.
Брифинг барысында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға спикерлер нақты жауап берді.
Қызылорда ОІІД-ті баспасөз қызметі