Талғат Тілес: «Болашақ» бағдарламасы—Елбасы бастамасының жемісі
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Тұңғыш Президент және Тәуелсіз Қазақстан өркендеуіне 30 жыл» Республикалық ғылыми практикалық конференциясы өтті. Қазақстандағы әрбір азаматтың өркендеп өсуі тікелей Елбасы бастамасымен атқарылған шаралардың жемісі.
Соның бірі «Болашақ» бағдарламасы. 1993 жылы экономикалық-қаржылық қиыншылықтарға қарамасатан Тұңғыш президентіміз осы бағдарламаны іске қосқан болатын. Дамыған маңдайалды мемлекеттердің ЖОО-да білім алуға, жетілуге, дамуға, өркендеуге, тіл үйренуге дәл осы бағдарламаның арқасында жастардың мүмкіндігі молайып, білім алып келген жастар мемлекетіміздің білім ошақтарының деңгейінің көтерілуіне көптеп үлес қосты.
Жақында Елбасы «Нұр Отан» саяси партиясының кеңейтілген отырысында Жастарға үндеу жолдап «Елдіктің жеті тұғырын» атаған болатын. Яғни, әрбір жас осы құжатпен терең танысып, жастар санасында, ойында айтылған дүниелерді сақтаса деген өз атымнан ұсыныс бар.