1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні
Kyzylorda-news.kz. Осы жылдың 10 айында облыста 26 адамнан АИТВ жұқпасы анықталып, былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 11 ауруға өскен. 10 айда анықталған 26 адамның 24-і, яғни 96% жыныстық қатынас арқылы жұқтырған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Салтанат Балықбаева мәлімдеді.
Қазіргі таңда дәрігерлер қауымын алаңдатып отырған бірнеше мәселе бар. Соңғы жылдары АИТВ жұқпасының жыныстық қатынас арқылы таралуы басым болып отыр. Оған дәлел, осыдан 10-15 жыл бұрын бұл жұқпа 50-60 пайыз жағдайда инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында анықталған болса, қазіргі таңда жыныстық қатынас арқылы жұқтыру 90 пайызға дейін жетті.
Салтанат Шамиқызының айтуынша, АИТВ жұқпасының әйелдер арасында тіркелуі жиілеп келеді.
Брифингке қатысқан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры
Мария Жарекешова: «АИТВ – жұқпасымен күресу аса қауіпті аурумен күресудің пәрменді шараларының бірі. Әлем ғалымдары АИТВ-жұқпасына қарсы тиімді дәріні жасауға жұмыстар жүргізіп, біршама жетістіктерге жеткенімен, ауруға қарсы нақты екпе табылған жоқ. Сол себепті АИТВ-ның алдын алу инфекциядан сақтанудың ең тиімді және кепілдендірілген жолы және оның нәтижесі әрбір адамның мінез-құлқына байланысты болады».