Мұхтар Ниязов: Тарих бір күнде жасалмайды
Kyzylorda-news.kz. Тарих деген бір күнде жасалмайды, тарих деген біздің көз алдымызда. Адамның жасының өзі 30 жас, 30-дағы жігітті орда бұзады дегенмен, қатты бір үлкен жетістіктегі жеке адамның өзінеде көп жас емес. Ал мемлекеттің жасы негізі ғасырлармен өлшенеді, есептеледі.
Біз қазіргі жағдайда тәуелсіздікті тұңғыш алған, бұрын-соңды бұндай үлкен деңгейде мемлекетімізді құрып көрмегендіктен 30 жылда біз көптеген мемлекеттерден кемшілігіміз де жететін шығар, десе де біз артық жетістіктеріміз көп болды. Осының бірден бір бастаушысы, қозғаушы күші, халыққа да, әлемге де өзінің жан-жақтылығымен, беделімен, алғырлығымен, ұстамды, нық тұғырымен Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі жойтасыз көп. Ол туралы кітаптар жазылып жатыр, әндер шығып жатыр, шығармалар жазылып жатыр. Бірақ әлде де болса, біз қанша жерден айтқанмен біз тарихи бағасын дөп бере алмаймыз.
Тарихта болған ұлы, ірі тұлғалардың барлығының бағасы белгілі бір ұрпақ ауысқаннан кейін нақтылана түскен. Саяси жағдайлар, кейбір әлеуметтік жағдайлар, кейбір мәселелерді толық түсіне алмауымыз мүмкін. Тау алыстаған сайын, биіктей береді дегендей, Нұрсұлтан Әбішұлының да тұлғасы жыл өткен сайын асқақтап, күн өткен сайын биіктей береді деп ойлаймыз. Ол кемшіліксіз болу деген сөз емес, кемшілік адамның бәріне тән, бір отбасын басқарып отырған немесе бір шағын ауылды басқарып отырған адамның өзі міндетті түрде бір тәуекелге баратын кезде ол міндетті түрде бір жағдайлар кемшіліктерге баруы керек болады. Бірақ осындай үлкен тағдырлар, тәуекелге толы ертеңгі шешімдері екіталай болып тұрған жерлерде өзіне бүкіл аманатты мойнына алып, ғасырлардың тәуекеліне барған осындай біздің ұлт лидері, Елбасымыз бар, әрдайым мақтанамыз және арқа сүйейміз.
Біздің міне жас мемлекетімізді әлде де болсын қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлымен тізе қоса отырып әлі талай биіктерге шығарады деп сенеміз.
Мұхтар Ниязов