Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Алтын адамның» сүйегі жерге қайта көміледі

«Алтын адамның» сүйегі жерге қайта көміледі

Осыдан жарты ғасыр бұрын Алматы облысы Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» сүйегі биыл жерге қайта көміледі, деп хабарлайды madeniportal.kz. Басты себеп – сүйекті қайта зерттеуге қаржы жоқ.

«Сүйектер өте нашар жағдайда. Сондықтан тап қазір оларды осы күйінде сақтап қалудың өзі маңызды болып отыр», – дейді мамандар. Олардың пікірінше, «Алтын адамның» сүйектеріне қайтадан мұқият ДНК сараптамасын жасату керек. Алайда оған қаражат жоқ. «Алтын адам» табылған Есік қаласында көше атауы мен шағын ескерткіш ғана тұр. Ал қорғанның өзі өткен ғасырдың жетпісінші жылдары тегістеліп, орнына автобаза салынған. Кеңес заманында «Алтын адам» табылғанын елең қылмаған. Керісінше, оның алтын-күміс бұйымдары мен әшекей заттарына қызығушылық басым болған. Сүйектері ескерусіз қалған. Жақында оларды сот-сараптама институтының мұрағатынан тауыпты. Фотоқағаздар салынатын жай қорапшаның ішінде жатқан көрінеді.
Қазір «Алтын адамның» қаңқаларына деген көзқарас өзгеше. Өкінішке қарай, сүйектердің бәрі бірдей сақталмаған. Бассүйегі жоқ. Қолда барының өзіне ДНК сараптамаларын жүргізу өте қиын дейді мамандар.
«Сүйектердің сақталуы тым нашар. Оның үстіне 50 жылдай қорапта жатқан. Бактериялар түскен, қазіргі вирустар кірген. Егер бас сүйегі болып, онда кем дегенде бір тісі табылғанда, ДНК сараптамасы арқылы толық ақпарат алуға мүмкіндік туар еді», – дейді «Есік» тарихи-мәдени қорық музейі директорының орынбасары Ермек Жасыбаев.

Дегенмен тарихи-мәдени қорық музейінің қызметкерлері үміттерін үзбейді. Өйткені даниялық оқымысты-генетиктер ДНК сараптамаларын қайтадан мұқият жүргізуге дайынбыз деп отыр. Мұндай қызметті көрсетуге Жапония мен АҚШ-тың мамандары да келісетін сыңайлы. Бірақ олар сұрайтын қаражатты музейдің өзі қайдан тапсын. «Алтын адамның» біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық болғаны және оның «қазақстандық Тутанхамон» деп аталғаны Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ерекше атап айтылды. Демек мәселе өте маңызды.
«Осы уақытқа дейін біз оны бір кәдімгі тарихта болған тұлға емес, бір аңыз адам сияқты қылып сондай бір дәрежеде аңызға айналдырып жібердік. Бұл негізі тарихта болған тұлға ғой, бірақ кім екені, қандай адам болғаны тарих құжаттарымен қатталмаса да мұның қабірі табылды. Сүйегі табылғаннан кейін бұл тарихта болған тұлға және қай дәуірге тиесілі екені де Кемал Ақышев ағамыз арқылы жазылды, зерттелді», – деді «Есік тарихи-мәдени қорық музейінің ғалым-хатшысы Досым Зікірия.
Тәуелсіздіктің бойтұмарына айналған «Алтын адамның» сүйектерін 2019 жылы арнайы капсулаға салып, жер қойнына беру жұмыстары жүріп жатыр. «Бірақ оны ежелгі сақтардың дәстүріне сай үлкен қорған көтеріп, аманат ретінде берсек деген ниет бар», – дейді мамандар. Есіктегі қорық-музейдің маңайында 80-ге жуық қорған кездеседі. Ғалымдардың пайымдауынша, олардың астында бір емес, бірнеше «Алтын адамның» жатуы да мүмкін.

04 қаңтар 2019 ж. 772 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области