Нұрбек Ақпанбетов: Отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын күн
Kyzylorda-news.kz. Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын күн. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың ілгерілеу мен өркендеу жолымен келеді.
1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Осы күні президенттік институтқа қадам бастық. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. Мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.
Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасылар-ыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
Еліміз аман, егемендігіміз мәңгілік болсын!
Нұрбек Ақпанбетов,
Қазалы қалалық жастар ресурстық орталығы КММ директоры
Қазалы қалалық жастар ресурстық орталығы КММ директоры