Бақдәулет Махашов: Елбасының қазақ елінің әлемге танылуына сіңірген үлесі ұшан-теңіз
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста ұлт тарихындағы жаңа дәуір дәл осы 1 желтоқсан күнінен басталған-ды. Өйткені, ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, дәл сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған болатын.
Тәуелсіздігін енді ғана алған Қазақстанда өткен сол алғашқы жалпыхалықтық сайлауда мемлекетіміздің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Мемлекет басшысының еліміздегі кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудағы ерен еңбегі, Қазақ елінің әлемге танымал мемлекет болып танылуына сіңірген үлесі ұшан-теңіз.
Құрметті Отандастар, осынау мерейлі күнмен баршаңызды құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз жарқын болсын! Әр шаңыраққа амандық, береке, бірлік тілеймін!
Бақдәулет Махашов,
«Жан-Арай» ЖШС басшысы.
«Жан-Арай» ЖШС басшысы.