Серік Дүйсенбаев: Еліміздің бүгінгі жетістігі – Елбасымыздың ұшан-теңіз еңбегі
Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіз Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаев есімінің қатар аталуы – заңды әрі әділетті.
Жаңадан азаттық алған, егемендігін енді еншілеген елдің тізгінін ұстағаннан ауыр жүк жоқ шығар. Бұған тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдар Қазақстан үшін қай тұрғыдан алса да оңай кезең болмағанын қосыңыз. Осындай сындарлы сәтте тарихтың таңдауы, халықтың қалауы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа түсті.
Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы туралы «Тарихи тұлға тағылымы» атты мақаласын оқи отырып, осындай ойға келдім.
Шыныменде, бір отбасының ғана емес, бір мемлекеттің, бүкіл халықтың тағдырына жауапты болу – оңай шаруа емес.
Еліміздің бүгінгі қол артқан табысы, бағындырған биігі, жеткен жетістігі, дербес ел ретінде іргесін бекітіп, керегесін кеңейтіп қана қоймай, алты құрлыққа танылуы – мұның бәрінде Елбасының ұшан-теңіз еңбегі, ерлігі мен өрлігі, қалтқысыз қызметі мен қажыр-қайраты жатыр.
«Елбасы – еліміздің негізін қалаушы, елдігіміздің символы, тәуелсіз Қазақстанның төл тарихының бастауында тұрған тұғырлы тұлға! Қазақ елі қарымды қайраткерге үнемі құрмет көрсетіп келеді. Сексеннің сеңгіріне сергек жеткен саясаткердің ел мен жер алдындағы ұшан-теңіз еңбегі – ұрпаққа үлгі, баршаға өнеге! Тәуелсіздіктің бастауындағы ұйқысыз түндер мен тынымсыз күндердегі атқарылған істерді кейінгі буын келешекте әлі талай рет зерделейді, әділ бағасын береді», – дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы мақаласында.
Расында да, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының еліміздің баянды болуына қосқан үлесі баға бергісіз зор!
Нұрсұлтан Әбішұлы тарихтың сындарлы сағатында биліктің басында болып, терең саясаткерлігінің арқасында елдің тәуелсіз дара жолын қалыптастыра білді.
Бүгінде бүкіл әлем Қазақстанды дамыған ел деп мойындайды, дүниенің төрт құбыласымен тең араласамыз.
Бүгінгі Мемлекет басшысының мақаласында айтылғандай, Елбасы – тарихи тұлға.
Олай болса, Елбасымыз аман, ел-жұртымыз тыныш болып, қасиетті Қазақстанымыз жасай берсін!
Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,
Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы