Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Азаматтық форумның жалғасы Қызылордада өтеді

Азаматтық форумның жалғасы Қызылордада өтеді

Kyzylorda-news.kz. 22 – 26 қараша аралығында Алматы қаласында «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы» атты Х азаматтық форум өтті. Алғашқы үш күнде 30-дан астам пікірталас пен сараптама алаңдары ұйымдастырылған. Азаматтық форумның қорытындысы бойынша 10 бағытта 200-ге жуық ұсынымдар берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының «Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Ізден мәлімдеді.

«Форум қарсаңында орталық мемлекеттік органдар басшыларының азаматтық қоғам өкілдерімен онлайн кездесуі өтті. Аталған жиында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің фейсбук парақшасында тікелей трансляция арқылы ұйымдастырылды. 22 – 24 қараша аралығындағы форумда ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісінің депутаттары, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ азаматтық белсенділерден 150 спикер қатысты. Сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдарға арналған «Мониторинг және бағалау» атты оқу құралының тұсаукесері Орталық Азиядағы «Тенгизшевройл» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен жарық көрді. Жалпы азаматтық форумның қорытындысына келетін болсақ, 10 бағыт бойынша 200-ге жуық ұсынымдар берілді», – деді Анар Жарылқасынқызы.

Айта кетейік, 9 желтоқсанда өңірімізде «Жастар ресурстық орталығында» аймақтық форум ұйымдастырылады. Онда 7 номинация бойынша марапат табысталады.
03 желтоқсан 2021 ж. 177 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области