Қоғамдық ұйымдар онлайн режимде біліктілігін арттырды
Kyzylorda-news.kz. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарына арналған мемлекеттік гранттары арқылы «Қызылорда облысында «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы аясында «Умай» Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен онлайн режимде семинар-тренинг өтті.
Семинарды кәсіби білікті тренер Мадина Төлепова жүргізді. Семинар-тренинг «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ арқылы жарияланған гранттар өтінімін талапқа сай жазу және өзге де заңнамалық мәселелер тақырыбын қамтыды. Жоба жетекшісі Анар Изден семинар-тренинг барысында қатысушы қоғамдық ұйымдардың институциональдық дамуына қатысты сұрақтарына сәйкес кеңестер берді.
«Қызылорда облысында «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасының мақсаты – азаматтық орталық жұмысын үйлестіру. Аймақтың үкіметтік емес ұйымдарына және облыс тұрғындарының азаматтық бастамаларын дамыту мақсатында «бір терезе» қағидаты негізінде құқықтық, методологиялық және консультациялық қызмет көрсетеді. Жыл бойы тұрақты жұмыс жасайтын азаматтық орталықта аймақтың қоғамдық ұйымдарының өз жұмыстарын жетілдіру бағытында кәсіби практикалық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, ҮЕҰ-ды құру және жұмысын жүргізу, қоғамдық ұйымдардың деректер қорына тіркелу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақылар алуға қатысады. Қоғамдық кеңес құрамындағы үкіметтік емес ұйымдар жұмысын жетілдіру бойынша ұсынымдар беру, әлеуметтік серіктестікті арттыру бағытындағы жұмыстар жүргізіліп, тағы басқа мәселелеріне сәйкес тегін кеңес берілетін болады.
Айта кетейік, осы жоба аясында 8 800 080 8809 бірыңғай Call-орталық арқылы кеңес беріледі.
Жоба жұмысына «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдау көрсетіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолғабыс етіп «Умай» Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі ұйымдастыруымен орындалады.
Айта кетейік, азаматтық орталық «Умай» Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі базасында (Ақмешіт м/а, 36) орналасқан.