Қызылордада «Үздік серіктес» байқауы қорытындыланды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаменті ЖПҚБ-ның Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ұйымдастыруымен «Үздік серіктес» тақырыбындағы үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен семинар-тренинг өтті. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарының көбі құқық қорғау органдарына жүгінбейді. Осы орайда, семинар – тренинг қатысушылары пікір алмасып, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алуға байланысты туындаған мәселелерді кеңінен талқылады.
Байқау қорытындысымен профилактикалық жұмыстарды күшейтуде зор үлес қосқандары үшін жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция майоры Жолдас Өтепбергенов «Үздік серіктес» грамотасымен «Жан» дағдарыс орталығының басшысын Салтанат Сыздықованы және «Ана Үйі» қоғамдық қорының координаторы Дина Жусупбаеваны марапаттады.
Ал, әріптестіктің тиімділігін арттыруда зор үлес қосқандары үшін «Жомарт» қоғамдық қорының координаторы Майя Наримоваға, Денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен баланы қорғау» бөлімінің маманы Мира Мырзаханованы және Әйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, өзара бірлесіп жұмыс атқарғандары үшін полиция инспекторлары Айнұр Жұмабаеваға және Фарида Досболоваға алғыс жарияланды.