Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ «ӘЙЕЛДЕРДІ МЕЙІРІМДІЛІККЕ БӨЛЕЙІК» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ «ӘЙЕЛДЕРДІ МЕЙІРІМДІЛІККЕ БӨЛЕЙІК» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ұйымдастыруымен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия және ҮЕҰ «Қамқорлық» дағдарыс орталығының қолдауымен мүгедек әйелдерді қолдау, қорғау, психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету және қоғамға бейімдеу мақсатында «Мейірімділік үйінде» «Әйелдерді мейрімділікке бөлейік!» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
  Іс-шараны облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Бибігүл Үмбетова ашып, қайырымдылық іс-шарасының мақсатымен таныстырып, қатысушы әйелдер қауымына жақсы көңіл күй тілеп, жылы лебізін білдірді. Өз кезегінде облыстық филормониядан арнайы шақыртылған жергілікті өнерпаздар әнші Б.Бектұрғанова және жырау Б.Өтегенұлы «Ана туралы» толғауын арнады.
  Қайырымдық шарасы соңында қарт аналар, мүгедек жандар тәртіп сақшыларына алғыстарын айтып, ақ батасын берді.


Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі                                                                                    


18 мамыр 2018 ж. 710 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области